Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путин мен Си Цзиньпин құттықтады

Республика күні, құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Си Цзиньпин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 21:14 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап, елімізге табыс пен бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.

"Сіздің еліңіз әлеуметтік-экономикалық даму жолымен сенімді түрде ілгерілеп келеді. Сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді шешуде өзінің елеулі үлесін қосып, әлемдік аренада зор беделге ие болып отыр. Ресей мен Қазақстан қатынастары жоғары деңгейде дамып келеді. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және ШЫҰ секілді ұйымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты кеңейту халықтарымыздың түпкі мүддесіне сай келеді", делінген жеделхатта.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына өзінің жүрекжарды лебізі мен ізгі тілегін жолдады. Ол соңғы жылдары Қазақстанда тұрақты экономикалық даму байқалатынын, еліміздің өңірлік және халықаралық істерде ықпалы күшейіп келе жатқанын атап өтті.

"Өзіңіз бастамашы болып, жүзеге асырып отырған Жаңа Қазақстан құру идеясы зор жетістікке жететініне сенімдімін. Сізбен бірге мәңгілік және жан-жақты стратегиялық серіктестікке негізделген қытай-қазақ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға дайынмын", – деп жазды ҚХР төрағасы.

Айта кетсек, 24 қазанда Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: