Жаңалықтар тізбегі
0

Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын құттықтап, жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев, құттықтау, Джо Байден, Еуроодақ, Франция, Ұлыбритания, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 21:22 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жолдаған өзінің құттықтауында екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады, делінген Ақорда хабарламасында.

"Қазақстан мен АҚШ-ты егемендікті, тәуелсіздікті және аумақтық тұтастықты сақтау жолындағы ортақ мүддеге негізделген серіктестік біріктіреді. Отыз жылдан астам уақыт бойы біз осы қағидаттарды сақтап, халықтарымыздың жарқын болашағын қалыптастыру үшін бірге әрекет етіп келеміз. Соңғы жылдары стратегиялық серіктестікті нығайтуға және барлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыс жүргіздік. Мен елдеріміз арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттімін", – деп жазылған Президент Байденнің құттықтау жеделхатында.

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі III Чарльз Қазақстанмен арадағы достық қатынастар және екіжақты серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон өзінің құттықтауында ұзақ жылдар бойғы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін атап өтті.

"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шикізат салаларындағы серіктестікті дамыту үшін Қазақстанға жасайтын алдағы сапарымды асыға күтемін", делінген жеделхатта.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннен құттықтау жеделхаты келіп түскен болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: