Президент Үштөбе қаласындағы колледж бен Кемел Тоқаевтың есімі берілген мектепке барды

Президент Үштөбе қаласындағы колледж бен мектепке барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында биыл ашылған 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледжге және Кемел Тоқаевтың есімі берілген мектепке барды.

Колледжде болашақ педагогтерге "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі" мамандықтары бойынша білім беріледі.

Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Үштөбедегі орта мектепті аралап көрді. Білім ошағы 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.


Сурет: akorda.kz


Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.


Сурет: akorda.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: