Бішкектегі мектептердің бірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің атымен аталды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 11:16 Фото: akorda.kz
Бішкектегі №33 мектеп-гимназияға жазушы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама Садыр Жапаровқа тиесілі.

"Жапаров бұл шешім туралы Тоқаевқа Ресейге жұмыс сапары кезінде мәлімдеген. Ұлы Отан соғысы кезінде Кемел Тоқаев сол жылдары қазіргі №33 мектеп ғимаратында орналасқан Фрунзе әскери атқыштар училищесінде оқыған. Дәл осы жерден майданға шақырылған", – деп жазады Kaktus.media басылымы.

2025 жылдың 9 мамырында Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағын тапсырғаны белгілі болды. Құжат Ресей Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан ұсынылды:

"Ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілген жоқ".

Кемел Тоқаев Польша жеріндегі шайқастардағы ерлігі мен қаһармандығы үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Айта кетейік, Үштөбеде 1963 жылы салынған орта мектеп бар. 1996 жылы оған Кемел Тоқаевтың есімі берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: