Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет

Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті, Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 12:18 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басын Түркияның 100 жылдық мерейтойына құтты болсын айтумен бастады.

"Ең алдымен, бауырым Реджеп Тайип Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ президент Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтады.

"Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке.

Қазақстан президенті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті де назардан тыс қалдырмады.

"Ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан президенті, құрметті Шавкат Миромонович Мирзиёевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ерекше алғысымды айтамын".Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналғанын атап өтті. "Түркі әлемінің келешегі – 2040" атты құжат бекітілді.

"Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау", – деді мемлекет басшысы.

Ол "Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отырғанын" атап өтті. Президенттің пайымдауынша, басқа мемлекеттер бұл ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды.


Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті, Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 12:18

Сурет: akorda.kz


"Сондықтан, түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет", – деп тұйындеді ойын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: