Сенаторлар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты түзетулерді мақұлдады
Сурет: senate.parlam.kz
Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенатор Андрей Лукин елімізде кейінгі жылдары ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғалар жиілеп, күрделі әрі қауіпті түрде пайда болғанын атап өтті.
"Кейбір мәліметтерге сай, былтыр мемлекеттік органдардың ресурстары мен маңызды инфрақұрылымдық нысандарға жасалған 163 миллионнан астам кибершабуылдар тоқтатылды. Сонымен бірге бір айда 20 миллион кибершабуылға тойтарыс берілді. Сандар өте қорқынышты. Биыл қыркүйекте бірден бірнеше Telegram-боттардың бар екені белгілі болды. Олар Қазақстан азаматтарының жеке ақпаратын, соның ішінде тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефонын және жұмысқа орналасқан-орналаспағаны туралы ақпаратты береді.Андрей Лукин
Сонымен қатар "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ өз порталында елдегі ірі квазимемлекеттік компанияларда түрлі қажеттілік үшін – геология мен экологиядан бастап ауыл шаруашылығы мен қала шаруашылығына дейін кеңінен қолданылатын Geoserver бағдарламалық жасақтамасының осалдығы мен басқа да проблемалары туралы хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, олардың ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін.
"Осыған байланысты мен заңнамалық деңгейде осы салада бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды анықтау өте маңызды және қажет деп санаймын. Түзетулер азаматтарға зиян салдарын барынша азайтуға көмектеседі және олардың жауапкершілігін белгілеу тұрғысынан өзекті. Құрметті әріптестер, әрине, "Әлемдегі ешбір мемлекет ешбір жүйені 100% қорғай алмайды. Дегенмен, мұндай бұзушылыққа дайын болуымыз керек".Андрей Лукин
27 қыркүйекте мәжіліс депутаттары жалпы отырыста ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript