Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мектептерінде оқушылардың смартфон пайдалануын шектемек

Қазақстан мектептерінде оқушылардың смартфон пайдалануын шектемек, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 13:24 Сурет: pexels
30 қарашада палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде смартфон пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Аймағамбетов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. Заң жобасы депутаттардның бастамашылығымен әзірленді. Жобада үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған.

"Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай, сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы аранайы норма да жобаға енгізілді", - деді ол баяндамасында.

Аймағамбетов ұялы телефондарды қандай жағдайда және қандай мақсатта қолдануға болатынын да айтып берді.

"Норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты. Бала телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Сабақ кезінде бала тек оқумен айналысуы керек, яғни ол ешқандай әлеуметтік желіні пайдаланбауы керек, TikTok-ты ақтармауы керек және тағы басқа. Қазір заманауи мамандар, түрлі қолданбаны қолданатын мұғалімдер көп. Дегенмен мұғалімнің смартфонды кейбір инновациялық әдістерді көрсету арқылы сабақ өтуіне қолдануына рұқсат. Бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал егер бала өзімен-өзі отырып, телефонды пайдаланса, бұл жағынан шектеу болады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда бір кездері шенеуніктерде болғандай ұяшықтар құру жоспарланбаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: