Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халықаралық банктен 84,9 млрд йенді құрайтын тағы бір заем алғалы жатыр

Йен, Қазақстан, заем, Халықаралық қайта құру және даму банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 11:45 Сурет: flickr/Stockphotokun
Мәжіліс депутаттары 20 қарашада палатаның жалпы отырысында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тағы бір халықаралық инстиуттан қарыз алуды көздейтін заң жобасын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы "Қарыз туралы келісімді ("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз") ратификациялау туралы" заң жобасында  қамтылған. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева аталған құжат Үкіметтің қаулысымен 2024 жылғы 18 қарашада енгізілгенін атап өтті.


"Аталған келісім Астанада 2024 жылдың 11 қазанында жасалды. Халықаралық Қайта құру және даму банкі Қазақстан Республикасына өтеу мерзімі 11 жыл болатын 84,9 млрд иен сомасында қарыз ақша береді. Қарыз қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін тартылды. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытындыны дайындауға дайын", - деді ол.

2024 жылғы 13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін 105 млрд иеннен астам сомаға екі халықаралық қаржы ұйымынан қарыз ақша тартуды көздейтін заңның екі жобасын қарауға алғаны белгілі.   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: