Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы: Мен "заң мен тәртіп" қағи­датының орныға түскенін қалай­мын

Президент тұрмыстық-зорлық туралы ойын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 10:17 Сурет: pexels
Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты өз ұстанымын нақты айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистің кейінгі кезде қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездік белең алып бара жатқанына қатысты сұрағына жауап берді. Әсіресе әйелдер мен бала­­лардың әлімжеттік көргені, соқ­­қыға жығылғаны туралы ақ­парат күн сайын шығатынын айтты. Осындай қыл­мыс­тардың тамырына балта шауып, біржола тосқауыл қою үшін мем­лекет тарапынан не істеліп жатқанын сұрады тілші. 

"Нақты жауап бере­йін, тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын. Сіз айтқан петиция заң талабына сай келсе де, келмесе де, азаматтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Оған күмән болмасын." Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалып­таспаса, заңға енгізілген өзгеріс­терден аса қайыр болмайды.

"Жұрт зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайтуды талап ете тұра, қылмыс әлеміндегі шытырман оқиға­ларға таңдай қағып, фильмдердің заңды белден басатын кейіпкерлерін ғана емес, тіпті шынайы өмірдегі кәнігі қылмыскерлердің өзін пір тұтып жатады. Бұл жағдай бір-біріне мүлде кереғар және өте оғаш көрінеді. Солай емес пе?! Біз қоғамды ішінен іріте­тін, адамгершілікке жат қылықтарды ақ­тау­­ды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек." Президент

Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек, - деп қадап айтты мемлекет басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: