Жаңалықтар тізбегі
0

Әнуар Сабиров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды

Әнуар Сабиров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2024 16:59 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әнуар Сабировты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті қол қойған тиісті құжат 2024 жылғы 4 қаңтарда Ақорда сайтында жарияланды.


"Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабиров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы - аппарат басшысы қызметінен босатылды", - делінген құжатта.

Әнуар Сабиров 1980 жылы 3 қазанда дүниеге келген. 2002 жылы Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік заң академиясын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Заң шығару институтында бастады. 2002 жылдан 2003 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Есірткіге және нашақорлыққа қарсы күрес комитетінің жетекші маманы (04.2003-01.2004);

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің заңға тәуелді актілер басқармасының жетекші маманы (01.2004-03.2004);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының аға, бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі (03.2004-10.2009);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі (10.2009-12.2015).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: