Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 19:04 Сурет: primeminister.kz
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетіне жаңа төраға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Салтанат Еркінқызы Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Тулуза бизнес мектебін, ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.
  • 1998-2003 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі/Көлік, коммуникация және туризм министрлігі бөлімдерінің бас маманы.
  • 2003-2008 жылдары – ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті Халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы.
  • 2008-2014 жылдары ҚР ККМ ААК бас сарапшысы, бастығы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
  • 2014-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ААК басқармасының басшысы, бас мемлекеттік инспекторы, басшысы – бас мемлекеттік авиация инспекторы.
  • 2019 жылы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ААК басқармасының басшысы.
  • 2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ ААК төрағасының орынбасары.
  • 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: