Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Президент су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесіне Үкімет назарын аударды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 13:33 Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 1 сәуірінде мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиын барысында мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетуін тапсырды.

"Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет. Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін мемлекет басшысы су тасқынының ауқымына баға берген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі су тасқынының шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Президент сондай-ақ жағдайдың кез келген сәтте күрт нашарлауы мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: