Тоқаев ДСҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілін қызметінен ауыстырды
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанайда дүниеге келген. Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтын (2008), Швециядағы Халықаралық бизнес мектебін (2008); Йорк университетін (2009), Ноттингем университетін (2010) бітірген. Мамандығы бойынша - "Экономист".
Еңбек жолын 2010 жылы Лондондағы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша Экономикалық Саясаттың аймақтық талдаушысы қызметінен бастады, онда 2011 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Сондай-ақ, "экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығында қызмет атқарды. (01.2013-10.2016), "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (10.2016-12.2016), ҚР премьер-Министрінің кеңесшісі (12.2016-07.2018), ҚР премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі (07.2018-09.2018), ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (09.2018-03.2019), ҚР премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары (03.2019-08.2019), ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (08.2019-01.2021).
Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық экономика министрі (18.01.2021-06.2022) және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (06.01.2022-02.09.2023) қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды (02.09.2023 бастап)