Президент Димаштың таланты туралы айтты
Сурет: akorda.kz
Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміндемМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әнші Димаш Құдайбергеннің таланты туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл орайда Мемлекет басшысы Димаштың бірегей өнеріне тәнті болған түрлі елдің азаматтары Қазақстанның Әнұранын шырқап, көк туын желбіретіп жүргенін айтты.
"Өнер – тәрбие құралы. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысында ұлт болашағына қауіп төндіретін бес кесел туралы айттым. Қоғамды осы кеселдерден тазартуға мәдениет қайраткерлері зор үлес қосып келеді. Лудомания мен нашақорлықтың зиянын ашып көрсететін тың туындылар шығып жатыр. Бұл – өте дұрыс бастама", – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, мәдениет саласының өкілдері халықтың рухани қалқаны болуға тиіс. Сондай-ақ Президент олардың жас ұрпақты жасампаздыққа, жаңашылдыққа үйретуге, бірлікті нығайтуға, өнімді еңбек етуге баулуға белсене атсалысатынына сенім білдірді.
"Сіздер мәдениет пен өнер жолына адал болып, қажырлы еңбек етіп келесіздер. Оған бүкіл ел куә. Өнер адамы үшін ең құнды марапат – халықтың ыстық ықыласы. Мен төл мәдениетімізді дамытуға мол үлес қосып жүрген бір топ азаматты марапаттау туралы шешім қабылдадым. Мәдениет саласында ерекше орны бар 7 іргелі ұжым биыл мерейлі белеске жетіп отыр. Сондықтан бүгін негізінен осы мекемелердің қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік марапат тапсыруды жөн көрдім", –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін президент Қазақстанның жетекші үш музейіне Ұлттық мәртебе берілетінін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript