Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Сырымбет Қаскеевті жаңа лауазымға тағайындады

Сырымбет Ерденұлы жаңа лауазымға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 16:29 Сурет: gov.kz
Сырымбет Ерденұлы Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда 21 мамырда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сырымбет Ерденұлы Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.

Сырымбет Қаскеев 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Халықаралық Валюта Қорының қаржылық бағдарламалау және саясат, фискалдық талдау және болжау бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2014-2016 жылдар аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ талдамалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да стратегия және жоспарлау департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істеді.

2017-2020 жылдары "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ талдау және зерттеулер департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2020-2022 жылдары "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаменті жобасының басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: