Қазақстанда босқын куәлігінің үлгісі бекітілді
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 1 сурет) тұрады.

Сурет: құжат скриншоты
Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады, мұқабасы көк түсті.
Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:
жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
- REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:
- БОСҚЫН КУӘЛІГІ
- REFUGEE CERTIFICATE
Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

Сурет: құжат скриншоты
Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.
Босқын куәлігінің беттері "KAZ" ою-өрнегі" элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.
Бұйрық 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Еңбек Министрлігі жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен қандас және ҚР азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау қағидаларын әзірлегенін хабарлаған болатынбыз.