Жаңалықтар тізбегі
0

Президент жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді

Тоқаев: Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 11:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Шарада тарихқа үңіле отырып, қазақ сарбаздарына үндеу жасады. Сондай-ақ, жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.

"Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы "Ердің туы – намыс" деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін. Әскери шен алу – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов "Атақты алғаннан гөрі, оны арқалап жүрген қиын" деген. Әйгілі қолбасшының бұл сөзі сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар", – деді Мемлекет басшысы.

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Президент жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 11:56

Сурет: akorda.kz

Салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты:

  • Асылбеков Иманжүсіп Асылбекұлы;
  • Алпысбаев Бауыржан Ақылжанұлы;

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:

  • Дайырбай Бекжан Мұратұлы;
  • Омаров Диас Бейсенгелдіұлы;

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

  • Төтен Ернұр Жанатұлы;

ҚР ҰҚК Академиясы:

  • Жұмабек Нұрахмет Шаяхметұлы;

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:

  • Жанатбай Санжар Жандарұлы;
  • Сорокина Александра Максимовна;

ҚР Ұлттық ұлан академиясы:

  • Ағыбаев Тимур Бауыржанұлы;
  • Жеңіс Жалғас Төлегенұлы;

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

  • Жігербаев Ернар Азаматұлы;
  • Еркенов Диас Серікұлы.
Президент жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 11:56

Сурет: akorda.kz

Президент Астана қаласындағы "Атамекен" этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: