Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жоғары оқу орындарының үздік ұстаздары марапатталды

Әлиханов Қуаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:20 Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК (6 млн 126 мың теңге) сыйақы алды. Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды. 


Юрий Балджи , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:20

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі


"Біз үшін оқытушыларды ынталандыру және мамандықтың беделін арттыру маңызды. Бүгін біз залда еліміздің жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын жинадық. Министрлік атынан Сіздерге таңдаған істеріңізге адалдықтарыңыз және жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Алдымызда тұрған негізгі басымдықтардың бірі – зерттеу экожүйесін қалыптастыру және ғылыми әлеуетті арттыру. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын цифрлық жоғары оқу орындарына трансформациялау қажеттігін атап өту қажет. Құрметті әріптестер, мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ғана мүмкін болмақ!", – деді салтанатты жиындағы сөзінде министр Саясат Нұрбек.


Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:20

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі


Іс-шараға қонақ ретінде қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те оқытушыларды құттықтады. 

"Мықты тұлғаларды, жас академик-ғалымдарды өсіріп шығару – сіздерге жүктелген міндет. Осы салада табыс тілеймін, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Бұл марапат сіздердің ізденістеріңізге, мүмкіндіктеріңізге себеп болады деп ойлаймыз. Осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келіп отырған ұстаздар қауымына алғыс айтамын", - деді сенатор.


Нұртөре Жүсіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:20

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі


Айта кетейік, "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022" байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды.


Таңсәуле Серіков, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:20

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ, үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: