Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Оңтүстік Кореямен тау-кен өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды

Кездесу, Қазақстан, Оңтүстік Корея, тау-кен саласы, KIGAM, Пёнг-Ку Ли, SK Ecoplant, Хансоль Пэк , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 19:08 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIGAM компаниясының президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтіп, "шикізат орнына инвестиция мен технология" прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Президент SK Ecoplant компаниясының қалдықтарды игеру және су тазалау бағытындағы инновациялық тәсілдеріне жоғары баға берді. Оның пікірінше, кореялық компаниялар қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатыса алады.

Хансоль Пэк Мемлекет басшысына компанияның "жасыл" сутегі өндірісі саласында қол жеткізген табыстары жөнінде баяндады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: