Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Сурет: rg.ru
2024 жылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Қытай көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысатыны да нақтыланады.
Айта кетсек, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдеріне жұмыс сапарымен барады. 29 маусымда басталатын туры аясында ол Қазақстанға да ат басын тіреуге ниетті. БҰҰ Бас хатшысы ең алдымен Өзбекстанның астанасы Ташкентке барады. Антониу Гутерриштің 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатыны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript