Путин: Ыстамбұл келісімдері Украинамен арадағы бейбіт келіссөздердің негізі бола алады
Сурет: akorda.kz
Ресей Президенті Владимир Путин Астанада өткен "ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саммитте Путин бұрын қабылданған Ыстамбұл келісімдері Украинамен арадағы бейбіт келіссөздердің негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Ыстамбұл келісімдері - бұл үшін делдал ретінде қатысқан Түркия Республикасының Президенті Ердоған мырзаға рақмет. Олар (келісімдер) ешқайда кеткен жоқ, бұл келіссөздерге Украина делегациясының басшысы қол қойды, демек, Украинаға ол өте қолайлы. Бұл келісімдер үстел үстінде жатыр және осы келіссөздердің жалғасына негіз бола алады", – деді Владимир Путин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript