Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы әңгімелесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Гвинея-Бисау Президенті, Умару Сисоку Эмбало, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 18:42 Сурет: akorda.kz
2024 жылы 21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетсек, 2024 жылы 21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: