Тоқаев Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады

Телефон арқылы әңгімелесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Doha Forum 2024, Қатар Әмірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 20:24 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 30 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: