Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті 2024 жылғы 25 желтоқсанда ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Сурет: akorda.kz
Іс-шараға келесі ел басшылары қатысты:
- Ресей Президенті Владимир Путин,
- Беларусь Президенті Александр Лукашенко,
- Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров,
- Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон,
- Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов,
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев.
Сурет: akorda.kz
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript