Саясаттанушы: Тоқаевтың Иорданияға сапарын стратегиялық деп атауға болады

Саясаттанушының айтуынша, көптеген мемлекеттердің көшбасшылары әлемдегі қалыптасқан геосаяси алауыздықты қосымша проблемалар туғызып қана қоймай, даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ұзақ мерзімді тренд ретінде қарастырады.
"Бұл тұрғыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға ресми сапарын стратегиялық сапар деп атауға болады. Негізгі күн тәртібі экономикалық мәселелермен байланысты екені анық. Сонымен қатар, Қ. Тоқаев көшбасшы-дипломат ретінде бұл кездесуде Палестина-Израиль қақтығысын реттеу, сондай-ақ Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету мәселесіне де көңіл бөлген болуы мүмкін, – деп атап өтті сарапшы.
Артур Сүлеймановтың айтуынша, Қазақстан күрделі геосаяси дауларды шешу бойынша өзін халықаралық алаң ретінде танытып үлгерді. Сириядағы жағдай белгілі бір уақытта айтарлықтай шиеленісіп, Б. Асад режимінің құлдырауына әкеліп соқтырғанын ескерсек те, Астана форматының еңбегі өте жоғары болып қала береді.
"Қазір қандай да бір мағынада Газа секторының тағдыры шешілуде және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға сапары уақытылы болып көрінеді. Ол жаһандық және өңірлік процестерде субъективтілікті дәйекті түрде арттыратын Қазақстанның және дипломат Президент Қ. Тоқаевтың сыртқы саяси имиджіне оң әсер етеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Иордания Королі II Абдалла, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен перспективалар туғызатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, экономикалық байланыстарды жандандыру үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда", – деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік БАҚ – ҚР Президентінің телерадиокешені мен Jordan Radio and Television Corporation ынтымақтастық желісі бойынша Келісімнің келешегі зор екенін атап өтті. Бұл тек бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы озық тәжірибемен алмасу ғана емес, сонымен қатар екі елдің ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания бейбітшілік пен тұрақтылыққа мызғымас адалдығы үшін халықаралық қоғамдастықтың мойындауына ие екенін мәлімдеді. Бұл тұрғыда Қазақстан мен Иордан Хашимит патшалығының ортақ тұстары көп, – деп түйіндеді Артур Сүлейманов.
Саяси ғылымдар кандидатының айтуынша, Қазақстан "халықаралық жасампаздыққа" бағытталған дәйекті сыртқы саясат жүргізуде.
Айта кетсек, 2025 жылы 18 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Тоқаевты тақ мұрагерінің Иордания сарайында қалай қарсы алғанын мына арадан оқуға болады. 2025 жылы 19 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иордания қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Король II Абдалланы "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Одан кейін Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды.