ҚҚС ұлғаюы: Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:
- Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
- Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
- Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.
2025 жылдың 28 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қажеттігін мәлімдеді. Кейін Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл шараның қазір үкіметте сарапшылармен бірге талқыланып жатқанын хабарлады.
7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде үкіметке ҚҚС ставкасы мәселесін одан әрі зерделеуді тапсырды. Оның айтуынша, кез келген жаңашылдық жан-жақты талдау мен ойластырылған стратегия негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бұдан кейін президент тарифтің жоғарғы шегі туралы шешімді білікті сарапшылардың, кәсіпкерлердің, депутаттардың пікірлерін ескере отырып, нақты есептеулер негізінде үкімет қабылдауы керектігін баса айтты.
Ал 11 ақпанда Премьер-Министр Олжас Бектенов Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуді тапсырды.