ҚР Түркиямен арадағы фитосанитарлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жайлы келісімді ратификациялады

Қол қою, Қазақстан, Түркия, фитосанитарлық қауіпсіздік, ынтымақтастық, келісім, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 19:52 Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 3 наурыза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен Түркия үкіметі арасындағы маңызды келісімді ратификациялаушы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған заң жобасы 2025 жылы 21 ақпанда Сенат отырысында қаралды. Келісім фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін жасалған. Құжатты ратификациялау тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

"Қаралған келісім Қазақстан мен Түркия арасында өсiмдiктер карантині саласын­дағы бірлескен іс-шараларды регла­мент­тейтін құқықтық негіз қалып­тастыра­ды. Осы мақсатпен келісім аясында фи­то­сани­тар­­лық қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге және карантиндік зиян­ды организмдердің тара­луын болдырмауға бағытталған нақты ере­­желер қарастырылды. Жалпы, мақұл­дан­­ған заң мем­лекеттеріміздің арасындағы ынты­мақ­­тастықты одан әрі нығайтуға оң сеп­тігін тигізеді деп сенеміз", деген еді сол кезде Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Бұған қоса Қазақстан мен Түркия өсімдік­тер карантині және оларды қорғау саласындағы ғылыми зерттеу институттары мен ұйымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бейілді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: