Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.
"Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз", – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript