Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам "Этноауыл" көрмесін аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам, Этноауыл, көрме , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 15:33 Сурет: Ақорда
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді. 

Сурет: Ақорда

То Ламның әйелі, Астана, көрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 15:33

Сурет: Ақорда

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

Сурет: Ақорда


Сурет: Ақорда

Айта кетсек, Елордадағы "Қазақ Елі" алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадына елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: