Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері "Этноауыл" көрмесін аралады

Этноауыл, Қасым-Жомарт Тоқаев, Абу-Дабидың Тақ мұрагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 18:37 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын "Этноауыл" көрмесіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады.

Сурет: Ақорда

Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу-Дабидің Тақ мұрагері "Қазақстан – БАӘ" бизнес-форумына қатысқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: