Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Бүгін, 2025 жылғы 24 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап атқарып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми мәліметті Ақорданың Telegram-дағы арнасы жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды", делінген хабарламада.
Бір күн бұрын, 23 мамырда Алматыда VIII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіні белгілі болды. Күн тәртібінде – қала әкімінің тағайындауға келісім беру мәселесі тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript