Тоқаев Болгария президентін елорда әуежайынан шығарып салды

Рәсім, шығарып салу, елорда әуежайы, Болгария президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 19:30 Сурет: Ақорда
2025 жылы 9 маусымда кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлап, Болгария президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салу сәтінің суреттерімен де бөлісті.

Әуежай, Астана, шығарып салу, Болгария президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 19:30

Сурет: Ақорда

Болгария презиенті, Астана, әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 19:30

Сурет: Ақорда

2025 жылғы 9 маусымда Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радевтің келіссөздері аяқталғаннан кейін қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария президенті Румен Радев баспасөзге бірлескен мәлімдеме жасады. Тоқаев Румен Радевке Астанаға ресми сапармен келуге шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы "Қазақстан – Болгария" бизнес-форумына да қатысты. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Болгария" бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: