Президент Сағынтаевпен Минскідегі екі маңызды оқиғаны талқылады

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдыңғы отырысы 2024 жылы желтоқсанда Ленинград облысында өткен болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 12:08 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 10 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы қызметі мен одан әрі даму мәселелері талқыланды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26-27 маусымда Минскіде өтетін IV Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы баяндалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдыңғы отырысы 2024 жылы желтоқсанда Ленинград облысында өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: