Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 12:18 Сурет: akorda.kz
Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.

Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: