Тоқаев Трамп пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Ақорда, Тоқаев, Трамп, Путин, кездесуі, пікір , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 12:20 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 16 тамызда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Владимир Путин мен Дональд Трамптың тарихи келіссөздері Аляскада 15 тамызда басталды.

Бұған дейін Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы жарияланғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: