Тоқаев қазақстандықтарды артық бюрократиядан арылтатын шаралар туралы айтты

2025 жылғы 2 қазанда Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір жаңа мемлекеттік қызмет бастапқыда цифрлық форматта құрылуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 11:41 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 2 қазанда Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір жаңа мемлекеттік қызмет бастапқыда цифрлық форматта құрылуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент сондай-ақ: "Бір рет берілген деректерді қайта сұратуға болмайды", – деп атап өтті.

"Сонымен бірге мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылына қатысты барлық нормативтік актілерді қабылдауға дейін міндетті түрде цифрлық сараптамадан өткізу қажет. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлерді артық бюрократиядан арылтып, олардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, смарт-технологиялар әлеуметтік көңіл-күйден бастап негізгі экономикалық көрсеткіштерге дейінгі кең ауқымды деректерді талдап, өңдей алады.

"Бұл стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін едәуір арттырады, азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етеді. Азаматтар кредит беруден бастап мемлекеттік қызмет көрсетуге дейін алгоритмдік жүйелердің қалай жұмыс істейтінін білуі және түсінуі қажет", – деді Президент.

Сонымен қатар, ол жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына кеңінен енгізу үшін тиісті заңнаманы бейімдеуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.


"Бұл еліміздің цифрлық және зияткерлік меншігін қорғаудың нақты тетіктері қабылдануы тиіс деген сөз. Ақыр соңында цифрландыру мен нейрожелілерді кеңінен қолдану Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа философиясына айналуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент жасанды интеллектіні өмірдің барлық саласына енгізу "ұлттың менталитетіне оң ықпал етіп, өркениетке қарай үлкен қадам жасататынын" мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: