Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға тыйым тағы да ұзартылды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (СМГ) ел аумағынан автокөлік және теміржол көлігі арқылы шығарылуына салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ведомствааралық сыртқы сауда комиссиясының шешімімен Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын автокөлік және теміржол арқылы шығаруға тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылды", – делінген хабарламада.
Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл шара ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы жылдары көліктердің сұйытылған газды отын ретінде пайдалану көрсеткіші айтарлықтай артқан. Сонымен қатар, бұл өнім әлеуметтік маңызы жоғары тауар саналады.
Айта кетсек, 2025 жылдың мамырында Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газы, пропан және бутанды автокөлік пен теміржол көлігі арқылы экспорттауға алты айлық тыйым енгізілген болатын.
Бұдан бөлек, үкімет шешімімен алты ай мерзімге ірі қара мал бұқаларын (ЕАЭО елдеріне жеткізуді қоса алғанда) сыртқа шығаруға тыйым ұзартылды. Сондай-ақ, ұсақ мал – қозыларды экспорттауға арналған 120 мың бас көлеміндегі квота сақталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript