Президент консулдардың азаматтық мәселелеріне қатысты өкілеттіктерін жаңартты

Паспорт гражданина РК, документы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 10:22 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, консулдардың азаматтыққа байланысты бірқатар функциялары нақтыланды.

Енді консул:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын тұлғалардан азаматтыққа байланысты өтініштерді қабылдап, қажетті құжаттармен бірге оларды Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің қарауына жібереді;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын тұлғалардың Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын тіркейді;
  • Шетелде тұратын тұлғалардың Қазақстан азаматтығына тиесілі немесе тиесілі еместігін анықтайды;
  • Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын азаматтарды Президенттің азаматтыққа қатысты қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: