Мәулен Әшімбаев дипфейк авторларын алаяқ ретінде жауапқа тартуды ұсынды

Маулен Ашимбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 11:48 Фото: parlam.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2025 жылғы 23 қазанда дипфейктердің авторлары өз әрекеттері үшін жауап беріп, алаяқтық, бопсалау немесе заңсыз ақша жинау баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенаттың отырысында жасанды интеллект (ЖИ) туралы заң талқылану барысында дипфейктердің таралу мәселесі көтерілді. Әсіресе, соңғы уақытта адамдардың дауысын қолдан жасап, қоңыраулар арқылы алдау фактілерінің жиілегені айтылды.

"Бірақ мәселе тек қоңырауларда емес. Біз әлеуметтік желілерде де түрлі адамдардың атынан жасалған көптеген дипфейктерді көріп отырмыз. Онда шындыққа жанаспайтын мәлімдемелер жасалады, кей оқиғаларға жалған қолдау білдіріледі. Бұл – тек бастамасы, алғашқы белгілері ғана", – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, жасанды интеллект технологиялары дамыған сайын жалған ақпарат пен манипуляциялардың қаупі күшейіп келеді.

"Мұның барлығын ЖИ емес, адамдар өздері жасайды. Сондықтан оларды алаяқтық, бопсалау немесе заңсыз ақша жинау бойынша жауапкершілікке тарту қажет. Әрине, бұл өте нәзік мәселе", – деп атап өтті Сенат спикері.

Айта кетсек, 2025 жылдың 19 ақпанында Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы әзірленгені белгілі болды.

3 наурызда Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын таныстырған еді.

14 мамырда Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

24 қыркүйекте Мәжіліс заңды екінші оқылымда қабылдап, оны Сенатқа жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: