2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті - Қасым-Жомарт Тоқаев

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, экономическое развитие Казахстана, деньги, тенге, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, цены на недвижимость, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 12:58 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен реформалардың нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, әділетті қоғам құру жолында соңғы жылдары ел басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асты.

"Азаматтарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді қатыса бастады. Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланатын болды. Ауыл әкімдерінің барлығы, ал аудан әкімдерінің 25 пайызы жаңарды. Осылайша, билік жүйесі едәуір өзгерді", – деді Мемлекет басшысы.

Президент "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатының орныққанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл – өңірлік деңгейде бұрын-соңды болмаған саяси өзгеріс.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары ел экономикасы қиын жаһандық жағдайда да тұрақтылық танытқанын айтты.

"Пандемия, геосаяси текетірестер мен сауда тізбегінің үзілуі әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Соған қарамастан, біз уақытылы шешімдер қабылдап, экономиканы жаңа серпінмен дамыта білдік", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 16 пайызға өсті. Биыл елдің ішкі жалпы өнімі 137 триллион теңгеге (291 миллиард доллар) жетеді деп күтілуде. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық көрсеткіштердің бірі.

Сонымен қатар жан басына шаққандағы ІЖӨ 47 пайызға өсіп, 14 400 долларға жеткен. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алтын-валюта қоры 58 миллиард долларға жеткенін және соңғы жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, 142 миллиард долларды құрағанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: