Путин қазақ-ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалу жағдайына қатысты пікір білдірді

Владимир Путин, Қырғызстан, Қазақстан-Ресей шекарасы, жүк көліктері, кептеліс, түсініктеме , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 22:26 Сурет: Кремльдің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин 27 қарашада Қырғызстанға барған сапары кезінде баспасөз алдында Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Кремль сайты хабарлады.

"Жүктерге қатысты. Иә, шынында да мұндай мәселе туындаған. Ол неден пайда болды? Менің тапсырмам бойынша Кеден комитеті, ЕурАзЭҚ шеңберінде біздің кеден органдарының мұндай әрекеттерге құқығы бар, жолдарда іріктеп тексеруді ұйымдастыра бастады деп айтсақ болады. Тексере келгенде, тауарлардың едәуір саны, осы жүк көліктерінің едәуір бөлігі, сіз айтқандай, фуралар Ресей-Қазақстан шекарасын ешқандай құжатсыз кесіп өтетіні белгілі болды", - деді Путин.

Оның айтуынша, мұндай жүктердің әрқайсысына қатысты мемлекеттер арасында келісілген белгілі бір құжаттар жиынтығы болуы керек.

"Бұл - қағаз, осы жүк көлігінде не бар екендігі және ең құрымағанда, бұл тауарлардың қайда бағытталғаны, оны алушы кім екені көрсетілген құжат болуы керек. Бірінші құжаттан осы тауармен шекарамызды кесіп өтуші қандай кедендік құн, қандай кедендік алым төлейтіні және осы тауарды алған кезде ҚҚС-ты кім төлеуі тиіс екені анық болуы керек. Жолдарда тексерулер басталғаннан кейін мұндай ешбір құжаттардың жоқ екені белгілі болды", – деді Ресей Федерациясының президенті.

Ол бұл мәселе бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін атап өтті.

"Біз Қазақстан аумағында, біздің шекарамызда тұрып қалған көп жүк көліктерінің Ресей Федерациясына қарай жылжуы үшін бәрін жасауға келістік. Біздің кеден органдары бір-бірімен өзара келісті: тасымалданатын тауарлардың құны жарияланып, оның соңғы алушысы көрсетілетін болды. Содан кейін біз, өз тарапымыздан бұл жүк көліктерін біртіндеп өткізе береміз. Кезек болмайды. (...) Тек тәртіп орнату керек. Мыңдаған жүк көліктері өтті. Жыл соңына дейін кезек болмайды деп ойлаймын", деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін Қазақстан – Ресей шекарасында жүк көліктерінің тұрып қалуы жағдайына қатысты отандық көлік министрлігі түсініктеме берген болатын. "Аталған жағдайға Ресей Федерациясы тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, жүктерді тексеру рәсімдері күшейтілген, көлік құралдарын қарау уақыты ұлғайтылған, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптардың сақталуын бақылауға қосымша шаралар енгізілген" делінген 21 қыркүйектегі Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: