Қазақстан президенті Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: freepik
Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2025 жылдың 16 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript