Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ, қызметкерлері, пәтер , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 17:02 Сурет: Ақорда
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Сүйінші ақпаратпен 2025 жылы 23 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.

Сурет: Ақорда

"Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Марапаттау рәсімі, Ақорда, Тоқаев, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ, қызметкерлері, пәтер  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 17:02

Сурет: Ақорда

Марапаттау шарасы, Ақорда, Жаңа жыл, Тоқаев, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ, қызметкерлер, пәтер кілті , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 17:02

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: