Қазақстан президенті Дональд Трамптың көмірге қатысты пікіріне қосылды

Уголь, добыча угля, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 14:43 Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанның энергетикалық болашағындағы көмірдің рөлін түсіндіріп, АҚШ президенті Дональд Трамптың көмірдің маңыздылығы туралы айтқан сөзін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөзін Ақорда жариялады.

"Қазақстан көмірдің орасан зор қорына ие – шамамен 33 млрд тонна. Қазіргі тұтыну деңгейін ескерсек, көмір қоры 300 жылға жетеді. Жыл сайынғы өндіру көлемі 110 млн тоннадан асады, бұл елімізді әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына шығарды. Көмір – біздің стратегиялық активіміз, оны қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін толық бейтараптандыратын ең жаңа технологияларды қолдана отырып, барынша тиімді пайдалану қажет. Айтпақшы, президент Трамптың: "Маған көмір ұнайды, маған жел ұнамайды" деген сөзі дұрыс. Мұнда рационалды ой бар", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол көмір генерациясын дамытуға Ұлттық жоба мәртебесін беру қажет екенін айтып, Үкіметке бұл мәселені 20 наурызға дейін шешуді тапсырды.

Бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайға қатысушыларды реформаларға қосқан үлесі үшін марапаттағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: