Қазақстан президенті Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Америка Құрама Штаттарында тұрып жатқан және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесу өткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 08:10 Сурет: akorda.kz
Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Өз кезегінде студенттер мен жас зерттеушілер ғылым мен білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Бұған дейін Тоқаевтың Вашингтонға жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: