Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді толық қолдайды
Фото: akorda.kz
Аталған келісім, АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.
Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
АҚШ Пәкістанмен жүргізілген келіссөздерден кейін "Иранға қарсы бомбалау мен шабуылдарды" екі апта мерзімге тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шарт Ормуз бұғазы арқылы кемелердің осы кезеңде кедергісіз өтуі қамтамасыз етілген жағдайда орындалады.
Бұл туралы 7 сәуір, сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентіне үндеу жасаған еді.