Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруді тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәскеу, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап, Қызыл алаңда түсірілген суреттермен бөлісті.

Жеңіс күні, 9 мамыр, Тоқаев, Мәскеу, Қызыл алаң, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38

Сурет: Ақорда

Қызыл алаң, шеру, Мәскеу, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38

Сурет: Ақорда

Қызыл алаң, шеру, Мәскеу, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38

Сурет: Ақорда

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Гүл шоғын қою, Мәскеу, Қызыл алаң, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38

Сурет: Ақорда

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.

Әскери шеру, Мәскеу, Қызыл алаң, 9 мамыр, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 14:38

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2026 жылы 8 мамырда кешкісін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: