Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ президент "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны да хабарланады.
Бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездескен болатын.