Мемлекет басшысы АҚШ президентіне құттықтау хат жолдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 4 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.
"Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі", делінген құттықтау жеделхатында.
Айта кетсек, 2026 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канада премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript