ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттелді

Құрылтай сайлауы, ОСК, шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, байқаушылар, аккредиттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 18:45 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылы 14 шілдеде Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауына байқау жүргізуге қанша халықаралық байқаушының аккредиттелгені туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқау институтын ашу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы сайлауды байқауға қатысу үшін бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға тиісті шақырулар жолдаған.

"Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 3 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттің 60 байқаушысының кандидатурасы ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД байқаушылар миссиясынан - 4 адам, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан - 19 адам, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар миссиясынан - 32 байқаушы, сондай-ақ Мальдив Республикасы тарапынан 2 кандидатура, оның ішінде осы елдің Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ұсынылды. Бұдан бөлек, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені болып табылатын Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, Венесуэланың Қазақстандағы Елшісі және Венгрияның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі де аккредиттелді. Аккредиттеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отырады", - деді Мұхтар Ерман.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Бұған дейін Құрылтай сайлауында қай партиялар сайлау жарнасын төлейтіні айтылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: